Антарктидада Мұз астынан 91 жанартау табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Антарктидада Мұз астынан 91 жанартау табылды

14.08.2017

Жер бетіндегі ең ірі жанартау аймағы табылды. Олар - Антарктиданың батысында. Мұнда мұз астынан 100-ге тарта вулкан анықталып отыр. «Guardian» газетінің хабарлауынша, ең ірі жанартаудың биіктігі - 3850 метр, ал, ең кішкентайы - 100 метрге жетеді. Зерттеушілердің пікірінше, теңіз түбінде бұдан өзге де вулкандар болуы мүмкін. Қазір олардың белсенділігін тексеру маңызды. Өйткені, жанартаулардың атқылауы Антарктида мұздықтарына әсер етуі ықтимал.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу