Буркина-Фасода террористік шабуылдан 18 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Буркина-Фасода террористік шабуылдан 18 адам қаза тапты

14.08.2017

Буркина-Фасода террористік шабуылдан 18 адам қаза тапты. Тағы бірнешеуі жараланған. Құрбандардың азаматтығы әлі мәлім болған жоқ. Оқиға ел астанасы Уагадугуда болды. Куәгерлердің сөзінше, қарулы топ қонақүй мен мейрамхана алдында демалып отырған адамдарға оқ атқан. Шабуылшылардың екеуін қауіпсіздік қызметі атып өлтірді. Кейбір мәліметтерге сай, бұл қастандыққа Сахараның оңтүстігіндегі Сахел өңірінде әрекет ететін «Аль-Каида» тобының бөлімшесі жауапты болуы мүмкін.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу