Алдын ала мәліметтерге сай, Испанияның Барселона қаласында болған терактіден жапа шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді. Ал, бірер сағат бұрын түскен ақпаратқа жүгінсек, испан полициясы екінші терактінің алдын алды. Бұған дейін Альканар қаласында тұрғын үйде болған жарылысты да корольдік үкіметі Барселона оқиғасымен байланыстырып отыр.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ