Сценарий бойынша бұл ойындарда одақтастар ядролық қаруға ие Солтүстік Кореяға қарсы тұрып, одан қорғануға машықтанады.
Маневлар тамыздың 31-не дейін жалғасып, оған АҚШ-тың 17 мың жауынгерімен бірге Австралия, Канада, Колумбия, Дания, Жаңа Зеландия, Нидерланды және Британия армиясы да тартылады.
Айта кетсек, Пхеньян ядролық қаруды дамытуда үлкен прогресс байқатып, Американың Гуамдағы базасына жететін зымыран жасады. Бұл жетістік аймақтағы шиеленісті тіпті күшейтіп жіберді. Ал, Біріккен Ұлттар Ұйымының санкциялары Солтүстік Кореяның саясатын өзгертуге қауқарсыз болып тұр.
Арыстан РЫСБЕК