Бүгін АҚШ-тың зымыран тасушы эсминеці мұнай танкерімен соқтығысты. Соңғы мәліметке қарағанда, 10 теңізші жоғалып кетіп, бесеуі жараланған. Бұл оқиға таңертең Сингапурдың шығыс жағалауында болды.
Соққыдан «Джон Маккейн» әскери кемесінің сол жағында алты метрлік тесік пайда болды. Соған қарамастан, эсминец Сингапурдың Чанги теңіз базасына өз күшімен жүзіп кетті.
Зардап шеккендердің төртеуінің жарасы жеңіл. Біреуі госпитальге жіберілген. Апатқа не себеп болғаны әзірге белгісіз. Ал, жоғалып кеткендерді АҚШ, Индонезия, Малайзия, Сингапур құтқарушылары іздестіріп жатыр.
Арыстан РЫСБЕК