АҚШ-та 758 млн доллар ұтқан әйел жұмысын тастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та 758 млн доллар ұтқан әйел жұмысын тастады

25.08.2017

АҚШ-та 758 млн 700 мың доллар джекпот ұтып алған әйел істеп жүрген жұмысынан бас тартты. Бейсенбі күні Массачусетс штатының тұрғыны Мэвис Вонзик «Пауэрбол» лотереясынан жеңімпаз атанғанын хабарлаған едік. 53 жастағы азаматша осы кезге дейін ауруханада жұмыс істеп келген.

Салықтарды алып тастағанда, Мэвис қолма-қол 443 миллион доллар ақша алды. Ол бұған дейін лотереядан мұнша ақша ұту орындалмайтын арман деп ойлаған.  

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу