Кабулда АҚШ елшілігінің маңындағы банк бөлімшесінде жанкешті өзін-өзі жарып жіберіп, 5 адам қаза тапты. Тағы 8-і жараланған. Бұл турасында жергілікті ақпарат құралдары хабарлап отыр. Шабуыл ғимараттың ішінде халық көп жиналған кезде жасалды. Тергеу барысында жойқын жарылысты ұйымдастырған «Талибан» қозғалысы екені анықталды.
Айта кетсек, соңғы кездері ел астанасында қауіп-қатер күшейе түсті. БҰҰ-ның деректеріне жүгінсек, жыл басынан бері Кабулда 209 жарылыс болып, 777 адам мерт болған.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ