Перудің 9 аймағындағы мұғалімдердің 70 пайызы сабақ өткізген жоқ. Оның орнына білім берушілер жалақының өсуін талап етіп шерулетті. Осыған орай, көптеген мектептер қаңырап бос тұр. Полиция наразылық акциясына қатысушыларды тарату үшін газ қаруын қолданған. Бірнеше адам ұсталды.
Перуде мұғалімдер 70 күннен астам уақыт бойы шерулетіп жатыр. Билік болса оларды сабырға шақырып, еңбекақыны жыл соңына таман 30 пайызға өсіретінін мәлімдеді.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ