Жапония ханшайымы қарапайым жігітке тұрмысқа шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапония ханшайымы қарапайым жігітке тұрмысқа шығады

04.09.2017

Жапония ханшайымы Мако халықтан шыққан қарапайым жігітке тұрмысқа шығатынын мәлімдеді. Мұны екі жас арнайы ұйымдастырылған баспасөз жиынында жариялады.

Бірақ, Маконың бұл әрекеті оны «ханшайым» деген титулынан айырады. Жапония заңына сәйкес, император династиясындағы ер адам кез келген әйелмен үйленуге құқылы, ал әйелдерге мұндай ерік берілмеген.

Маконың таңдаған жары 25 жастағы заңгер. Екеуі 5 жыл бұрын Токиода университетте танысқан.  

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу