БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінде Солтүстік Кореяның ядролық сынақ жасауына байланысты төтенше мәжіліс басталды. Ол АҚШ, Жапония, Франция, Ұлыбритания және Оңтүстік Кореяның ұсынысы бойынша ұйымдастырылды. Британ премьер-министрі Тереза Мэй Пхеньянға қарсы санкцияларды күшейтуді сұрап отыр.
Ал, Оңтүстік Корея болса, көрші елдің ядролық сынақ жүргізуіне байланысты ракета ұшырып, әскери жаттығулар өткізді. Оның мақсаты - Солтүстік Кореяның шабуылына төтеп беру.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ