«Ирма» дауылынан бірнеше елге қауіп төніп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ирма» дауылынан бірнеше елге қауіп төніп тұр

06.09.2017

Атлант мұхитында соңғы он жылдықта көтерілген ең алапат дауыл бірнеше елге қауіп төндіріп тұр. Қуаты 5-санатқа жеткен «Ирманың» соққысына қазір Кариб бассейніндегі аралдар мен АҚШ-тың оңтүстік-шығыс жағалауы әзірленіп жатыр. Олар – Флорида, Пуэрто-Рико, Доминикан Республикасы, Гаити, Куба, Антигуа және тағы басқа территориялар.

АҚШ-тың Майамидегі Дауылдар жөніндегі ұлттық орталығының хабарлауынша, «Ирманың» жылдамдығы сағатына 300  шақырымға жетуі мүмкін.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу