Кариб теңізі аралдарында «Ирма» дауылынан миллионнан астам адам зардап шекті. Мұны Халықаралық Қызыл Крест комитеті хабарлады. Ал, қаза тапқандардың саны 11-ге жеткен. Алапат дауылдың соққысынан Пуэрто-Рико, Теркс пен Кайкос, Антигуа мен Барбуда аралдары және тағы басқа территориялар айтарлықтай қирады. Сан мың үй мен мектеп құлап, жолдар бұзылған. Электр жүйесі істен шығып, ондаған мың адам жарықсыз қалды.
Арыстан РЫСБЕК