Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, дауыл бұл ауданға сағатына 260 шақырым жылдамдықпен соққы берген. Фламинголардың көбі жолдарда, ағаштардың бұтақтарына оралып жатқан күйінде табылды. Қазір олардың аман қалғандарына көмек көрсетіліп жатыр.
Естеріңізге сала кетсек, Кубада «Ирма» дауылынан 10 шақты адам қаза тапты, миллиондаған тұрғын жарықсыз, ауызсусыз қалды.
Метеорологтардың дерегінше, «Бостандық аралы» мұндай дауылды 1932 жылдан бері көрмеген.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ