Түркия Еуропалық Одаққа жақын арада мүше бола алмайды. Ал, Болгария мен Румыния тездетіп Шенген аймағына қосылып, Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттерде еуроны бірыңғай валюта етіп бекіту керек. Бұл туралы Страсбургте өткен ЕуроПарламент отырысында Еурокомиссия төрағасы Жан-Клод Юнкер мәлімдеді. Қазір еуроаймаққа Одаққа мүше 28 елдің тек 19-ы ғана кіреді.
Нұрсұлу ҚАСЫМ