Соңғы 1 жылда Мьянмадан Бангладешке 500 мың мұсылман қашып барған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Соңғы 1 жылда Мьянмадан Бангладешке 500 мың мұсылман қашып барған

19.09.2017

Рохинджа мұсылмандары Мьянманың картасынан мүлде жойылып жатыр. Мұны бүгін «Associated Press» агенттігі хабарлады. Оның дерегінше, соңғы бір жылда көрші Бангладешке Мьянмадағы 1 миллиондай мұсылманның 500 мыңнан астамы қашып барған. Көш мұнымен тоқтаған жоқ. Қауіпсіздік күштері мен буддистер рохинджаларды қудалауды әлі доғармай отыр.

Айта кетсек, 1982 жылы азаматтығынан айырылған бұл этникалық топтың қарулы ұйымы тамыздың 25-де Ракхайн штатында полицияның 30 шақты постына шабуыл жасады. Содан кейін рохинджаларға қарсы тазалау операциясы басталды. 400-дей адам қаза тауып, 214 ауыл тұтастай өртелген.

Жергілікті үкімет рохинджаларды Бангладештен жеткен келімсектер деп есептейді.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу