50 ел ядролық қаруға тыйым салуды қолдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

50 ел ядролық қаруға тыйым салуды қолдады

21.09.2017

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен жасалған ядролық келісімнен шығу мәселесін таразылап жатыр. Ол нақты шешімді қазанның 15-де қабылдауы мүмкін. Мұны Құрама Штаттардың Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон Нью-Йоркте мәлімдеді.

Болжамдарға қарағанда, 2015 жылы мақұлданған бұл құжаттан Вашингтон бас тартатын болса, Таяу Шығыста қаруланудан жарыс басталып, аймақтағы шиеленіс тіпті күшеюі мүмкін. Ал, дүниежүзінің 50 мемлекеті ядролық арсеналға тыйым салу туралы келісімге қол қойды. Бірақ, оған АҚШ, Ұлыбритания, Франция сияқты елдер бойкот жариялаған.

«15 мың атомдық бомба бар. Планетамыз бен балаларымыздың болшағына олардан қауіп төнуіне жол бере алмаймыз», - дейді Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антонио Гутерреш.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу