Қытайда әлемдегі ең жүрдек пойыз қатынай бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда әлемдегі ең жүрдек пойыз қатынай бастады

21.09.2017

Ол сағатына 350 шақырым жылдамдықпен жүйіткіп, Бейжің мен Шанхай арасында жүреді. Сондықтан, екі алып шаһарды жалғайтын жол уақыты жарты сағатқа қысқарып отыр.

«Фусин» атты пойыздарда тегін Wi-Fi, USB порттары бар. Сонымен қатар, оларда 2,5 мыңдай сенсор вагондардан шынайы уақыт режимінде 1500-дай мәлімет жинай алады. Яғни, қандай да бір ақау немесе келеңсіздіктер анықталса, пойыз қозғалысын өздігінен баяулатады немесе мүлдем тоқтайды. «Фусин» сонымен бірге, апатқа қарсы девайстармен де жабдықталған. Бұған қоса, өзге жүрдек пойыздарға қарағанда, бұл теміржол көлігі электр энергиясын 10 пайызға аз тұтынады. Ал, оның қызмет ету мерзімі - 30 жыл.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу