Бүгінгі күннің басты жаңалығы - Солтүстік Ирактағы тәуелсіздік туралы референдум. Күрдтер Бағдат пен халықаралық қауымдастықтың наразылығына қарамастан, Ирактан бөлінуге дауыс беріп жатыр. Бұған наразылық ретінде Түркия Солтүстік Иракпен арадағы шекарасын жапты, Иран Күрдістанға қатынайтын әуе рейстерін доғарды. Бағдад болса, өзге елдерді бұл автономияның мұнайын алмауға үгіттеді. Тақырыпты Арай Төлегенқызы жалғастырды.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ