Оңтүстік Кореяда «соғыс рюкзактарын» әзірлеу туралы видеоны көрушілер көбейді. Бұған Солтүстік Кореядан төнген ядролық қауіп себепші. Жыл басынан бері мұндай сөмкелерді дайындауға үйрететін бейнероликтердің саны 7400-ге жеткен. Мәселен, жергілікті атақты күлдіргі Кан Юдың – «Соғыс сөмкесін сатып алдым» деген видеосы бір айдың ішінде 560 мыңға жуық қаралған. Оған противогаз, жылы киім, су және тамақ пісіруге арналған заттар салу керек. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, әскери жанжалға әрдайым дайын болу қажет. Дегенмен, кейбіреулер ядролық жарылыс болса, бұл сөмкенің пайдасы тимейді деп есептейді.
Естеріңізге сала кетсек, қыркүйектің 3-де Пхеньян алтыншы рет ірі ядролық сынақ жүргізіп, сутегі бомбасын жарғаны белгілі.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ