Қазір үкімет тұрғындарды уақытша үйлерге орналастырып жатыр. Халықаралық агенттіктердің хабарлауынша, Лос-Анджелестің шығысында мың шақырымдай егіс алқап күлге айналды. Тілсіз жаумен күресуге 900-ге жуық маман тартылып, ондаған техника жұмылдырылған. Апат салдарынан жақын-маңдағы аудандарда жолдар жабылып, көлік қозғалысы да тежеліп отыр. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ