Украинада оқ-дәрі қоймасында жарылыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинада оқ-дәрі қоймасында жарылыс болды

27.09.2017

Украинаның Калиновка қаласынан 30 мыңдай адам көшірілді. Себебі, мұнда әскери қоймада жарылыс болды. Онда 83 мың тоннадай оқ-дәрі сақталған. Өртке байланысты жолдар жабылып, электр жарығы мен газ беру тоқтатылды. Сонымен қатар, қоймадан 50 шақырым радиустағы әуе кеңістігі де жабылып, 14 пойыздың бағыты уақытша өзгертілді.

«ВВС»-дің хабарлауынша, бір әйел зардап шеккен. Тілсіз жау 4 тұрғын үй кешенін зақымдады. Украина бас штабының мәліметінше, от қойманың 10 пайызын шарпыған. Ал, жарылыс салдарымен күреске 700 адам, 150-дей арнайы техника тартылды. Әзірге апаттың себебі белгісіз.    

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу