«Мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдайық. Олар жылуға зәру». Бельгияда кәсіби мамандардан тұратын еріктілер мүгедектерге арнайы шара ұйымдастырды. Өз ісінің шеберлері психикалық ауытқуларға ұшыраған 200 жарымжанның шаштарын сәндеп, тырнақтарын әрлеп тегін қызмет көрсетті.
Дәрігерлер денелері құрысқан тағы бір топ мүмкіндігі шектеулі жандарға массаж жасады. Елдің атақты дизайнерлері ақыл-есі кем жандарға сән үлгілері жайлы әңгімелеп, жеке топтамаларынан киім-кешек сыйға тартты.
Нұрсұлу ҚАСЫМ