Еурокомиссия «Скания» компаниясын 800 млн еуро айыппұл төлеуге міндеттеді. Өйткені, швециялық автомобиль құрастырушы компания Еуроодақтың монополияға қарсы заңын бұзды деп айыпталып отыр. Дәлірек айтсақ, «Скания» жүк көлігін жасаушы өзге де 5 компаниямен 14 жыл бойы картельдік келісімде болған. Осылайша, олар жүк көліктерінің бағасын сыбайластық жолмен анықтап отырған.
Еурокомиссия өкілдерінің сөзінше, жасырын келісім автомобиль саудасына айтарлықтай ықпал етті.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ