Индонезияның Бали аралынан жанартау қаупіне байланысты 120 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге қашып жатыр. Халықаралық агенттіктердің хабарлауынша, Агунг вулканында қуатты дүмпулер байқалып, одан ақ түтін будақтай бастаған.
Ал, қауіп туралы ескерту ең жоғары дәрежеге жетті. Сонымен қатар, жанартау маңынан 12 шақырымдай жер қауіпті деп жарияланып, жолдар жабылып жатыр. Көшірілген адамдар арал бойынша 500 шақты орталыққа орналастырылды. Олардың арасында туристер де көп.
Соңғы деректерге қарағанда, курортық аралға жиі баратын Австралия, Сингапур, АҚШ азаматтарына қауіп туралы ескерту қағаздары таратылған.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ