Будапешт Украинаның тіл туралы заңына наразы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Будапешт Украинаның тіл туралы заңына наразы

29.09.2017

Венгрия «Украина мектептерінде тек украин тілінде сабақ өткізілу керек» деген заңға қарсылық білдірді. Сондықтан, Будапешт бұл мемлекеттің Еуропалық Одаққа кіру жолындағы әр қадамына тосқауыл қояды. Мұны Венгрия сыртқы істер министрі Петер Сийярто ескертті.

«Reuters» агенттігінің хабарлауынша, бұл заң қыркүйектің 5-де қабылданған. Украина үкіметінің мәлімдеуінше, оның арқасында елдегі барлық ұлт өкілдерінің мемлекеттік қызметке тұруына жол ашылады. Алайда, Ресей, Румыния, Венгрия тәрізді көрші елдер оны дискриминациялық заң деп сипаттады. Украина білім министрі болса, мұндай пікірмен келіспейді.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу