Үндістанның Мумбай қаласында қайғылы оқиға. Теміржол станциясында болған қарбаластан 22 адам қаза тапты. Тағы 27 кісі жараланған. Бірнеше пойыздан түскен жолаушылар қатты нөсерден қорғану үшін екі вокзал арасындағы жаяу жүргіншілерге арналған төбесі жабық көпірге жиналып қалады. Сол кезде кенеттен көпір тіреуішіне бетон құлайды. Одан үрейленген адамдар бірін-бірі таптап, көпірден тез кетуге асығады.
Қазір оқиғаға қатысты тергеу басталып, төтенше жағдай болған жерде дәрігерлер жұмыс істеп жатыр.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ