Каталонияда референдумға қатысушылардың 90 пайызы Испаниядан бөлінуді қолдап дауыс берген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Каталонияда референдумға қатысушылардың 90 пайызы Испаниядан бөлінуді қолдап дауыс берген

02.10.2017

Мұны автономия билігі мәлімдеді.  Дегенмен, плебисцитке сайлаушылардың тек 42 пайыздан астамы қатысқан. Испанияның Конституциялық соты референдумды заңсыз деп жариялады. Дауыс беруді болдырмауға тырысқан полициямен қақтығыста 800-ден астам адам жараланған. Олардың арасында тәртіп сақшылары бар.

Испаниядан тәуелсіздік алуды көксейтін Каталонияда 7,5 млн адам тұрады. Бұл  - елдің ең бай аймақтарының бірі.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу