Ирак Күрдістанында президенттік және парламенттік сайлау қарашаның 1-де өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ирак Күрдістанында президенттік және парламенттік сайлау қарашаның 1-де өтеді

03.10.2017

Мұны бүгін күрдтердің Эрбиль қаласындағы «Рудав ТВ» арнасы хабарлады.

Естеріңізге сала кетсек, қыркүйектің 25-де өткен референдумда күрдтердің 90 пайыздан астамы Ирактан бөлінуді қолдағаны мәлім. Дегенмен, Күрдістанның аймақтық үкіметі тәуелсіздікті жариялаған жоқ. Сондай-ақ, алдағы сайлауда жергілікті халық жеке мемлекеттің емес, автономия басшысы мен парламентін таңдайды.

Референдумның қорытындысын мойындамаған Ирак Күрдістанды әуеден де, құрлықтан да блокадаға алып, оған тіпті әскер кіргізуі мүмкін екенін ескертті. Өз аумағында күрдтердің үлкен диаспорасы бар Иран мен Түркия да бұл референдумға наразы.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу