Лас-Вегаста ондаған адамды мерт қылған Стивен Паддок қару мен компьютерлік ойынға қатты қызыққан. Сонымен қатар, ол жылжымайтын мүлік бизнесімен айналысып, мультимиллионер болған. Мұны бүгін оның інісі Эрик «Associated Press» агенттігіне айтып берді.
Психикалық ауруға шалдықпаған 64 жастағы америкалықтың неліктен мұндай ауыр қылмысқа барғаны белгісіз. Дегенмен, шабуылды бірнеше күн бойы жоспарласа керек. Өйткені, полиция оның қонақ үйдегі бөлмесінен кемінде 10 шабадан қару тапты.
Арыстан РЫСБЕК