АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында оқ атып, 59 адамды мерт қылған атқыш шабуылға алдын ала дайындалған. Бұл туралы Лас-Вегас шерифі Джозеф Ломбардо мәлімдеді. Әзірге, Стивен Пэддоктың мұндай әрекетке неліктен барғаны белгісіз. Бұл туралы кейінірек анықталып, мәлім етіледі. Полиция оқ атқан миллионер туралы ақпаратты оның құрбысынан алып жатыр.
Бұған қоса, «CNN»-нің хабарлауынша, Пэддок қару-жарақ арсеналын 20 жыл бойы жинап келген. Полиция оның оқ атқан қонақүй бөлмесі мен баспанасынан 47 дана қару, оқ дәрі мен жарылғыш зат тәркіледі.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ