Бүгін Ирак армиясы «ДАИШ»-тың бақылауындағы соңғы бекіністердің бірі – Хавиджа қаласын азат етті. Сонымен қатар, оның айналасы да экстремистерден босатылған. Осылайша, «ДАИШ» елдің солтүстігіндегі соңғы ауданнан айырылып отыр.
Ирак армиясы бұл операцияны АҚШ-тың және Иран дайындаған шиит жасақтарының көмегімен жүргізді. Бұл әскери науқанның қарсаңында Хавиджадан мыңдаған бейбіт тұрғын қашты.
Арыстан РЫСБЕК