АҚШ-тың Мэриленд штатында атыс болып, 3 адам қаза тапты. Тағы екеуі жараланып, аурухаға жеткізілген. «СNN» телеарнасының хабарлауынша, атыс Эджвуд қаласындағы «Эммортон» бизнес-саябағында болған. Бәзбіреу адамдарға оқ жаудыра бастаған. Полиция бұл іс бойынша 37 жастағы Ради Принс күдікті екенін жеткізді. Оның мұндай қадамға баруына әзірге не себеп болғаны белгісіз.
Қазір құқық қорғаушылар шабуылшыны іздеп жатыр. Оқыс оқиғаға байланысты жақын маңдағы мектептер қауіпсіздік мақсатында жұмысын тоқтатып, жабылуға мәжбүр болды.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ