Швецияның Хельсингборг қаласында полиция бөлімшесінің алдында жарылыс болды. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Соңғы мәліметтерге қарағанда, ғимараттың терезелері сынып, қабырғалары қираған.
Полиция бөлімшесінің бастығы Дэн Элиассонның мәлімдеуінше, бұл құқық қорғаушыларға жасалған шабуыл және де мұндай жағдай әр азаматтың қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді.
Олардың болжамдарына қарағанда, дүмпуді ұйымдастырған полицияға өші бар жергілікті қылмыстық топ болуы мүмкін. Құқық қорғаушылар «Елде енді қауіпсіздік шаралары күшейтіледі», - дейді.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ