Тадж-Махал үлкен саяси дауға себеп болып отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тадж-Махал үлкен саяси дауға себеп болып отыр

19.10.2017

Үндістандағы әйгілі махаббат монументі Тадж-Махал үлкен саяси даудың ортасында қалды. Өйткені, биліктегі оңшыл партияның кейбір мүшелері оны ұлт мәдениетін масқаралайтын ескерткіш деп есептейді. Олардың пікірінше, мұсылмандар кезінде үнділерді жойып жібергісі келді. Бұл мәлімдеме ислам дінін ұстанатын депутаттардың және әлеуметтік желі қолданушыларының айтарлықтай наразылығын тудырды.

Ал, премьер-министр Нарендра Моди үкіметі елдің ортағасырлық тарихын немесе мұсылмандар басқарған дәуірін қайта жазбақ деп айыпталып отыр және де бұл монументтің суреті мемлекеттік туристік брошюраға да енбеген.

Айта кетсек, Тадж-Махалды 1632-1654 жылдары Моғұл патшасы Шах Жаһан өзінің сүйікті жары Мұмтазға арнап салды.  Оны жыл сайын 3 миллиондай адам тамашалайды.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу