Жапон императоры Акихито 2019 жылдың наурызында тақтан бас тартуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапон императоры Акихито 2019 жылдың наурызында тақтан бас тартуы мүмкін

20.10.2017

Мұны бүгін «Асахи» газеті хабарлады. Оның мақаласында үкімет бұл процедураның мерзімін нақтылауды аяқтауға жақын деп жазылған. Сонымен қатар, императордың ұлы Нарухито сәуірде таққа отыратыны туралы да ақпарат бар.

Дегенмен, Жапония министрлер кабинетінің жоғары лауазымды өкілі «Асахи» таратқан бұл мәліметтердің барлығын жоққа шығарып отыр.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу