Мұнайға тәуелділіктен құтылу үшін Сауд Арабиясы индустриалды аймақ құрды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұнайға тәуелділіктен құтылу үшін Сауд Арабиясы индустриалды аймақ құрды

25.10.2017

Сауд Арабиясы мұнай бағасына тәуелділіктен құтылу үшін және экономиканы құтқару мақсатында ауқымды жоба жариялады. Оған сәйкес, бизнесті дамытуға және Мысыр мен Иорданияға дейін созылатын индустриалдық аймақ құруға 500 миллиард доллар жұмсалады. Бұл турасында әлемнің 88 елінен 3 жарым мың адам қатысқан халықаралық кәсіпкерлік конференциясында айтылды.

Индустриалдық аймақтың көлемі 26500 шаршы шақырым аумақты алмақ. Ол қалпына келетін энергиямен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, бұл зонада энергия, су, биотехнология, азық-түлік, озық зауыттар мен көңіл көтеру салаларына ерекше мән беріледі. Бұған қоса, Саудия модернизациялану «арманына»  жету үшін діни экстремизмді жойып, қалыпты және ұстамды Исламды ілгерілетуге де ден қоймақ.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу