Ирак Күрдістаны тәуелсіздікке ұмтылысын тоқтатқандай. Бүгін белгілі болғандай, бұл автономиялық аудан қыркүйектің 25-де өткен референдум нәтижесін жаба тұруды жөн көрген. Ол Бағдадпен диалог жүргізгісі келетінін хабарлады. Сондағы мақсаты – жаңа соғысқа жол бермеу.
Айта кетсек, өткен аптада күрд жасақтары Ирак армиясымен қақтығысты. Сол жанжал салдарынан мұнайға бай Киркук пен оның айналасындағы аудандар Бағдадтың бақылауына қайта өтті.
Ирактағы Күрдістан жұртының 90 пайыздан астам осыдан тура бір ай бұрын тәуелсіздікке дауыс берді. Алайда, федералдық үкімет референдум қорытындысын заңсыз деп тауып, оның ел тұтастығына қауіпті екенін ескертті. Сонымен қатар, Бағдад бұл аймақты авиациялық және құрлықтық блокадаға алып отыр.
Арыстан РЫСБЕК