Ұлыбританияда зымыран-автомобиль жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбританияда зымыран-автомобиль жасалды

27.10.2017

Ұлыбританияда сағатына 1600 шақырым жылдамдықпен жүретін зымыран-автомобиль жұрт назарына ұсынылды. «Бладхаунд» деген көлік елдің Ньюквей қаласындағы әуежайда сыннан өтті. Оны Эндри Грин есімді пилот жүргізді. Ол бұған дейін шөл далада  рекордтар орнатқан екен. Ракета-машинаны көруге 3 мыңға жуық адам жиналды.

Көлікті құрастыруға университеттер, лабораториялар және арнайы мамандар қатысқан. Бас инженер Марк Чэпменнің айтуынша, бұл - қауіпсіз машинаға жатады.

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу