Бес ай жоғалған екі америкалық Окинаваға жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бес ай жоғалған екі америкалық Окинаваға жеткізілді

30.10.2017

Теңізде бес ай бойы жоғалған америкалық екі әйел иттерімен бірге Окинаваға жеткізілді. Құтқарылған Дженифер Аппель және Наташа Фуиаба десанттық кемеде баспасөз конференциясын өткізіп, болған жайды айтып берді. Теңізшілердің сөзінше, кемесінде бір жылға жететін азық-түлік пен су тазалайтын фильтр болғандықтан, олар аман қалып отыр. Қазір екеуінің де жағдайы жақсы.

Айта кетейік, америкалық азаматшалар Гавай аралдарынан Таитиге биыл мамыр айының басында 15 метрлік яхтамен сапарға шыққан. Алайда, сол айдың аяғында кеменің қозғалтқышы істен шығып, олар діттеген жеріне жете алмай теңізде қалған. Америкалық әйелдер желкеннің күшімен ақырын жылжып, түрлі дауылдарды бастан кешірген. Бірақ, апат туралы күнде белгі беріп тұрған. Оларды Жапонияның оңтүстік-шығысында АҚШ десанттық қызметі кемесінің экипажы құтқарып алды.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу