Ресей президенті Владимир Путинге қастандық үшін айыпталған Адам Осмаевтың әйелі өлтірілді. Бұл оқиға Украинаның Киев облысының Глеваха елді мекенінде болды. Әмина Окуева отырған машинаға теміржол өткелінде орманнан оқ жаудырылған. Ал, оның күйеуі жараланған. Мұны Украина Ішкі істер министрлігі хабарлады.
Айта кетсек, қазанның 26-да Киевте көлікке шабуыл жасалып, екі адам қаза тауып, бесеуі жараланған еді. Зардап шеккендердің ішінде депутат Игорь Мосийчук те бар.
Басына тиген оқтан қаза тапқан шешенстандық Окуева бір кездері дәл осы Мосийчукқа көмекші болып жұмыс істеген. Сондай-ақ, Әмина биыл маусымда бір қастандықтан жараланып, аман қалған болатын. Оның жолдасы Адам Осмаев Джохар Дудаев атындағы халықаралық батальонға қолбасшылық етті.
Арыстан РЫСБЕК