Әлемде 3 миллиондай адамның азаматтығы жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемде 3 миллиондай адамның азаматтығы жоқ

03.11.2017

Дүние жүзі бойынша 3 миллиондай адамның азаматтығы жоқ. БҰҰ-ның босқындар жөніндегі агенттігі осылай деп мәлімдеді. Олардың көбі - балалар. Ешқандай мемлекеттің азаматы болып саналмайтын жандардың негізгі құқықтары сақталмайды. Осындай тұрғындардың бір мысалы  - Мьянмадағы рохинджа мұсылмандары. Оларға қарсы Бирма билігінің жүргізіп отырған саясаты этникалық тазарту деп аталды. Швейцарияда өткен жиында БҰҰ-ның өкілдері әр мемлекет өз аумағында туған адамдарға азаматтық беруі тиіс деп мәлімдеді және де нәсілшілдікті жоюға бағытталған іс-шаралар күшейе түспек.  

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу