Хакерлер Украинада құпия мәліметтерге кіруге әрекет жасаған. Олардың шабуылынан «Одесса» әуежайында ұшақтар рейсі доғарылып, Киевте электрондық төлемдер тоқтап қалды. Мұны осы елдің Кибер полиция департаментінің басшысы Сергей Демедьюк мәлімдеді. Оның сөзінше, хакерлер әсіресе, қаржылық және жарияланбауы тиіс деректерді ұрлауға тырысқан. Сонымен қатар, олар жіберген компьютерлік вирус «Жаман қоян» деп аталыпты. Бұл вирустан осыған дейін Ресей де зардап шеккен.
Жалпы алғанда, маусым айынан бері Украинаның қаржы инститтуттары мен стратегиялық нысандарына қарсы жоспарланған бес ірі шабуылға тосқауыл қойылған.
Арыстан РЫСБЕК