Грекия астанасы Афина орталығында социалистік «Пасок» партиясы штаб-пәтеріне шабуыл жасалды. Белгісіз екі ер адам ғимаратқа оқ жаудырған. Сол кезде оның ішінде 30 шақты адам болған. Абырой болғанда, атыстан ешкім зардап шеккен жоқ. Шабуылшылар 4 мәрте оқ атып, іздерін суытып үлгерген. Елдің терроризммен күрес бөлімі осы оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Шабуыл оппозициялық блокқа қай партия жетекшілік ететіні анықталып жатқан кезде болып отыр.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ