Ливияның батыс жағалауында қайық суға батып, 5 мигрант қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ливияның батыс жағалауында қайық суға батып, 5 мигрант қаза тапты

07.11.2017

Ливияның батыс жағалауында африкалық босқындар мінген үрмелі қайық суға батып, 5 адам қаза тапты. Тағы бірнеше мигрант жоғалып кеткен. 45-і аман-есен құтқарылды. Қайықта барлығы 140 адам болған. Соңғы уақытта Жерорта теңізінде заңсыз миграция қайта өршіді. Соңғы бірнеше күнде Италия порттарына жүздеген босқын барған. Жыл ортасында Еуроодақ пен Ливия арасында заңсыз мигранттарға қатысты келісім жасалып, Еуропаға баратын босқындардың саны азайған еді. Дегенмен, қазанда Ливияда қарулы топтар арасында қақтығыс күшейіп, мыңдаған мигрант уақытша лагерьлерден шығарылған. 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу