Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған Стамбулдағы Ататүрік атындағы мәдени орталықты бұзу жоспарын жариялады. Республика басшысының мәлімдеуінше, оның орнына опера үйі, театралдық холл, конгресс-холл және кинотеатр салынады. Бұл жоспар жүзеге асса, жаяу жүргіншілер үшін Гези паркке баратын оңай жол ашылады.
Айта кетсек, осыдан 4 жыл бұрын түрік үкіметі бұл жерде Осман казармаларының тура көшірмесін тұрғызбақ болып, үлкен наразылыққа тап болды. Оппозицияның ойынша, Ердоғанның исламшыл партиясы осындай жобалар арқылы елді Ататүрік салып берген зайырлы бағытынан тайдырғысы келеді. Билік қарсыластарының сөзінше, қазір Түркияда Мұстафа Кемал Ататүріктің суретін ілігу, атын қолдануға шектеу қойыла бастады.
Арыстан РЫСБЕК