Ұлттық арнаға мәселесін айтып, Павлодар облысы, Ақсу қаласының тұрғыны Дәлелхан Әбдіхалықұлы қоңырау шалды.
Мал терісін қабылдау және сатумен айналысатын кәсіпкер облысқа тері өңдейтін өндіріс орнының қажет екенін айтады.
Көрермен сауалына облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының Экономикалық талдау және болжау бөлімшесінің басшысы Бәдиша Садықова жауап берді.
«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде (7172) 55-38-50 телефон қоңырауларын қабылдап, түйткілді мәселелердің шешілуіне жәрдем жасайды.