Аргентина астанасы Буэнос-Айрестегі қонақ үйде жойқын жарылыстан 8 адам зардап шекті. Олардың үшеуінің халі мүшкіл. Жараланғандардың жетеуі – қонақ үй қызметкерлері. Жарылыстан ғимарат қабырғасындағы болат майысып қалған.
Оқыс оқиғаға байланысты меймандар дереу көршілес қонақ үйге көшірілді. Ал, полиция жолдарды жауып, өртті сөндіруге мамандар тартылды. Алдын ала деректерге сай, жарылысқа кір жуатын бөлмеден тараған газ себеп болса керек.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ