Ал, өткен тәулікте ол армия қолбасшысымен, қорғаныс және мемлекеттік қауіпсіздік министрлерімен кездесті. Бұл туралы әзірге фото ғана жарияланып отыр.
Естеріңізге сала кетсек, Зимбабве әскерилері 93 жастағы президенттің айналасындағы «қылмыскерлер» елге әлеуметтік, экономикалық зардап әкелді деп, сәрсенбі күні билікті күшпен басып алды.
Оппозицияның сөзінше, Мугабе бүгін отставкаға кетіп, оның орнына 75 жастағы бұрынғы вице-президент Эммерсон Мнангагва тағайындалуы мүмкін. Қатыгездігімен «қолтырауын» атанып кеткен Мнангагва Оңтүстік Африкадан өз еліне кеше оралды деген мәлімет бар.
Арыстан РЫСБЕК