Tesla электр қуатымен жүретін жүк көлігін көрсетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Tesla электр қуатымен жүретін жүк көлігін көрсетті

17.11.2017

Американың Tesla Motors компаниясы әлемдегі бірінші электр қуатымен жүретін жүк көлігін көрсетті. Оның презентациясы АҚШ-тың Калифорния штатында өтті. Компания басшысы Илон Масктың айтуынша, бұл жанармайдан бас тарту үшін жасалып отырған қадам және жүк тасымалдау енді арзандай түседі.

Tesla Semi Truck фургоны бір зарядталса, 800 шақырым жүреді. Ол 36 тоннадай жүкті сағатына 100 шақырым жылдамдықпен таси алады. Тағы бір ерекшелігі - бұл машинада жүргізушінің орындығы ортада орналасқан. Сонымен қатар, онда автопилот жүйесі де бар. Масктің сөзінше, бұл қауіпсіз көліктер түріне жатады.

Мұндай фургондар 2019 жылдан бастап құрастырыла бастайды. Әзірге оның бағасы нақты қанша болатыны анық емес.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ 

Хабарламаларға жазылу