Барселонада тәуелсіздік жақтастары шеруге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Барселонада тәуелсіздік жақтастары шеруге шықты

17.11.2017

Барселонада тәуелсіздіктің жүздеген жақтасы шеруге шығып, Каталонияның екі белсендісін түрмеден босату туралы испан үкіметіне талап қойды. Олар қолдарына жарық ұстап шыққан. Демонстранттар сол фонармен лентаны бейнеледі. Осылайша, шерушілер қамауда отырған лидерлеріне қолдау білдірді.

Каталонияда тәуелсіздік туралы референдум қазанның 1-де өтіп, оған қатысқандардың басым бөлігі Испаниядан бөлінуге дауыс берді. Ал, ресми Мадрид корольдік аумағының бөлшектенбейтінін ескертіп, автономия үкіметі мен парламентін таратып, оның басшыларын тұтқынға алып отыр.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу